Ақмола облысы білім басқармасының алқа отырысы туралы ХАБАРЛАМА

2017 жылғы 26 шілдеде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова қатысуымен Ақмола облысы білім басқармасының алқа отырысы өтті.

Алқа отырысының міндеттері 2016 -2017 оқу жылғы облысы білім басқармасының жұмысына қорытынды жасау және 2017 -2018 оқу жылы білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау және дамыту.

Алқа отырысының жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова, аудандық (қалалық) әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармасы басшысының орынбасарлары және бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының, ведомстводан тыс және жеке меншік колледждердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2016 – 2017 оқу жылғы қорытындысы және 2017 -2018 оқу жылға қойылатын міндеттері туралы» негізгі баяндамамен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ковалева Ольга Николаевна сөз сөйледі.

Жарыссөзде Саутова Ақжарқын Султанқызы – Жақсы ауданның білім бһлімінің басшысы, Садвакасов Бегжан Серікұлы- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлім басшысы, Абдикенов Руслан Қазбекұлы – Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің басшысы, Алиева Гүлмира Мухамедғалымқызы – ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмыстары бөлім басшысы, Хисымова Жанар Қазбекқызы – Сандықтау ауданы білім бөлімінің басшысы, Семенюк Татьяна Викторовна - Степногорск қаласы білім бөлімінің басшысы, Өмірзақов Арман Ғалымтайұлы - облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының директоры сөз сөйледі.

Білім басқармасымен жұмыстың негізгі көрсеткіші және білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша қорытынды жасалды. Алқа отырысының қатысушыларына 2017 -2018 оқу жылы білім беру жүйесінің негізгі бағыттары анықтақталды.

Автор: А. Мухамеджанова
Просмотров: 182
Дата создания: 28 Июля 2017 г.
Дата редактирования: 28 Июля 2017 г.