Список статей
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін хореографиялық ұжымдар арасындағы «Ақ шағала» облыстық байқауын өткізу туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 27-28 сәуір күндері «Ақ шағала» хореографиялық ұжымдар арасындағы облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың хореографиялық, шығармашылық

қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуде және одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатқа бағытталған қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқаудың әділ-қазылар алқасы:

1. Галяева Анна Илинична- Ақмола облысы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ хореограф маманы;

2. Ордабаева Гүлмира Мерғалиқызы- «Үкілі Ыбырай» атындағы Ақмола облысы филармониясының балетмейстері, «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі;

3. Бакалбаева Айым- Көкшетау қаласы, «16 қыз» халық би ансамблінің жетекшісі;

4. Ахметбекова Бибигүл Бексұлтанқызы- өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу әдістемелік орталығының хореографы;

5. Кириенко Ирина Евгеньевна- өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу әдістемелік орталығының хореографы.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізілді:

1 номинация- «Халық биі және халықтық стильдегі би»

2 номинация- «Заманауи би»

Байқауға Ақмола облысынан 15 аудан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан жалпы саны 310 қатысушы қатысты.

Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен бағалы сыйлықтары берілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

«Халық биі және халықтық стильдегі би» номинациясында 1 орын «Арай» ансамблі ( Біржан сал ауданы);

«Халық биі және халықтық стильдегі би» номинациясында 2 орын «Лидер» БХА орта топ (Ерейментау ауданы, БШҮ);

«Халық биі және халықтық стильдегі би» номинациясында 3 орын «Жұлдыз» би ұжымы ( Қорғалжын ауданы);

«Заманауи би» номинациясында 1 орын «Капель» би ұжымы (Көкшетау қ. №13 «ЭКОС» МГ);

«Заманауи би» номинациясында 2 орын «Хип-хоп» үлгілі ансамблі (Көкшетау қ. ОOӘО);

«Заманауи би» номинациясында 3 орын «Талисман» би ұжымы (Аршалы ауданы, БШО);

Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамаларымен марапатталды.

Автор: Д.Есенбаева
Просмотров: 81
Дата создания: 3 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 3 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос