Ақмола облысының оқушысы Республикалық байқауда жеңіске жетті

Алматы қаласында «Біз Қазақстанның болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ақмола облысы Есіл ауданынан Гайнутдинова Евгения бірінші орын иеленгендігін Ақмола облысы білім басқармасының баспа-қызметі хабарлайды.

Бұл шараны Ақтөбе қаласының Экология, инженерлік және педагогика Халықаралық академиясы ұйымдастырды.

Қазақстанның 12 облысынан 110 талантты жас ғалымдар өздерінің жобаларын 12 номинация бойынша ұсынды,соның ішінде «Есіл қаласы №2 балалар үйі» тәрбиеленушілері де болды.

«Этномәдениет» секциясында Евгения Гайнутдинова бірінші орын иеленді. «Валеология» секциясында Исина Нина екінші орын, «Биология» секциясында Елена Максимова үшінші орынға қол жеткізді. Қыздар Есіл қаласы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Евгения Гайнутдинова Есіл қаласы балалар үйінің қазақ тілді оқыту отбасында тұрады. «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер»жобасын қазақ тілінде қорғап шықты.

« Қазақстанда 230-дан астам қазақ ою-өрнектері бар екені маған мәлім болды. Заманауи қазақтардың ата-бабалары жануар немесе өсімдіктер әлемі , табиғаттың көрінісі туралы ақпаратты сурет арқылы жеткізіп,көрсеткен.Ою-өрнек өте таң қалдырды. Сондықтан да «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» жобасын таңдадым. Жеңіске жеткеніме,өте қуаныштымын.Оқытушыларыма және қолдау көрсеткен жандарға алғысымды білдіремін.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 117
Дата создания: 10 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 10 Ноября 2017 г.