Ақмола облысында 300 –ден астам оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысуда

2017 жылдың 4-7 қаңтар күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Көкшетау қ. №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты мен №18 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – балалардың бойындағы ғылымдық білімдерін насихаттау және ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылардың халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасындағы білім беделін көтеру.

Олимпиадаға 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан аудандық кезеңнің жеңімпаздары – 378 оқушы қатысуда. Олимпиада келесі жалпы білім беретін пәндер бойынша өтіп жатыр: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.

Қорытындысы бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегерлері Көкшетау қаласында жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша және Петропавл қаласында гуманитарлық циклдағы пәндер бойынша өтетін Республикалық олимпиадаға қатысады.

Оқушылардың жұмыстарын тексеруде және тәуелсіз бағалауда құзіретті амалмен қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының мүшелері ретінде Көкшетау қ. Ш.Уәлиханов атындағы Университетінен оқытушылар шақырылды: PhD докторлары, профессорлар, ғылымдар кандидаттары,  ғылымдар магистрлары, үздік оқытушылар.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 215
Дата создания: 6 Января 2017 г.
Дата редактирования: 6 Января 2017 г.