«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы отті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалыққызметін, кәсібишеберлігін дамыту ғаықпалету мақсатында «Алатау» шипажайыбазасында (Алматы қ.) дәстүрлі «Үздікавторлықбағдарлама» республикалықконкурсынөткізді.

Биылғы жылы конкурстыңқорытынды кезеңіне 16 жұмыс, оның ішінде 2 командалық авторлық жоба ұсынылып, 18 мұғалім жолдама алды.

Конкурстың негізгі миссиясы – білім беру ұйымдарының талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын анықтау және қолдау, мұғалімдердің зерттеу және авторлық бастамаларының дамуына ықпал ету, дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жетілдірудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату.

Ұсынылған жұмыстар қабілетті, дарынды балаларды оқыту және олармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстардың түрлерін жан-жақты қамтыған. Жобалар әртүрлі формада берілген: жобаларды қорғау, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешен және ұсыныстар, дидактикалық материалдар, мектепті басқарудың жаңа моделінің тұсаукесері, бейіндік пәндер, қолданбалы және арнайы курстар бойынша бағдарламалар.

Қазылар алқасы авторлық жобаларды бағалап, жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біздің облыстан ІІ дәрежелі дипломдарымен Кинцель Наталья Васильевна, Кинцель Александр Евгеньевич - Степногорск қ. №6 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі, биология пәндерінің мұғалімдері және Искакова Дана Манапқызы - Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі марапатталды.

«Өз ісінің шебері» атты номинациясы бойынша Савельев Руслан Александрович - Көкшетау қ. М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі,Муканова Ризвангуль Жумабаевна- Егіндікөл ауданы, Көркем негізгі мектебінің педагог-психологы грамоталармен марапатталды, Мутасова Татьяна Борисовна - Көкшетау қ., №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі және Муканова Жанылган Темиртасовна - Көкшетау қ. "Өркен" №37 балабақшасының педагог-психологы.

Біздің жеңімпаздарымыздықұтықтаймыз, болашақта шығармашылық табыс тілейміз!

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 71
Дата создания: 14 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 14 Ноября 2017 г.