Бұланды ауданында және Степногорск қаласында әдістемелік күндер қорытындысы бойынша ақпарат

2017 жылғы 23 қыркүйек күні Бұланды ауданының Макинск қаласында және Степногорск қаласында оқу - әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен әдістемелік күндер өткізілді.

Барлығы диалогтық алаңға жалпы білім беретін мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері қатарынан 176 қатысты.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы мәселелері бойынша, атап айтқанда критериалды бағалау жүйесі, бес күндік оқу аптасы, сенбі күнігі жұмыс тәртібі, тақырыптық - күнтізбелік жоспар құру, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сәйкес келмеуі, электрондық журнал, сынып журналдары, латын әрпіне көшу жөнінде кеңес берілді. Жұмыстың бұл формасы білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен тығыз қарым-қатынаста және ынтымақтастықта өтетіндіктен өте тиімді.

Автор: А.Мухамеджанова
Просмотров: 63
Дата создания: 25 Сентября 2017 г.
Дата редактирования: 25 Сентября 2017 г.