«Үздік патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс сценарийлер әзірлемесі» облыстық сырттай байқау туралы ақпарат

2017 жылғы 6 желтоқсан күні оқу-әдістемелік кабинетімен Ақмола облысы білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері арасында жалпы орта білім беру жүйесінде тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға және жетілдіруге өскелең ұрпақтың азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде жаңа идеяларды іздестіруге бағытталған «Үздік патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс сценарийлер әзірлемесі» облыстық сырттай байқауы өткізілді.

Байқауға Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының сынып жетекшілерінің материалдары ұсынылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасымен үздік патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс сценарийлер әзірлемесі анықталды:

I орын - Цапко Галина Альбертовна, Бұланды ауданы Журавлевка орта мектебі;

Нығметова Майра Айтмұханбетқызы, Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп- гимназиясы.

II орын - Сабитова Светлана Геннадьевна, Нығмат Мархат Бауыржанұлы , Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №1 мектеп-гимназиясы;

Абдуллина Наиля Нурисламовна, Джаркина Сания Масгутовна, Көкшетау қаласы, №5 «Тандау» мектеп –гимназиясы.

III орын - Кобзева Ирина Анатольевна, Сандықтау ауданы, №1 Балкашин орта мектебі; Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич, Астрахан ауданы, Петровка орта мектебі; Халабаева Зулфия Рохатовна, Қорғалжын ауданы Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі.

Автор: С. Тулемисова
Просмотров: 102
Дата создания: 6 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: Сегодня в 17:33