«Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті

«Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» атты әлеуметтік жобасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Ақмола облысының білім басқармасының қолдауымен а. ж. 10 қазан күні «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты адамгершілігі мол, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат, өз елінің патриоты етіп қалыптастырып, дамыту.

Іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Саңдықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қаласынан жалпы саны 120 – дан астам оқушы қатысты.

Байқау өткізу тәртібі мен шарттары 3 кезеңнен тұрды:

1. Таныстыру (тетрландырылған көрініс, агитбригада және т.б. түрінде болуы мүмкін. Регламент 3 минут);

2. 2016-2017 оқу жылында клуб қызметі бойынша есеп, өткізген іс-шаралар жөнінде презентация (10-15 шақты), қосымша ақпарат (буклет, папка, паучок және тағы басқалар);

3. «Адал ұрпақ» клубы жұмысының бір күні - бейнеролик (3 минутқа дейін);

Тартысты да қызықты өткен байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі топ құрамалары жүлделі орындарды өзара бөлісті:

І –орын. Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы;

ІІ – орын. Жақсы ауданы Киевка орта мектебі;

ІІІ – орын. Сандықтау ауданы №1 Балкашино орта мектебі.

Жеңімпаздар мен қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Басты сыйлық «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауының кубогы І –орын иегері Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясына табысталды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 32
Дата создания: 12 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.