«Оқу үрдісінде және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалау ісін ұйымдастыру» семинары туралы ақпарат

2016 жылғы 22-23 желтоқсанда Қатаркөл ауылы «Дискавери» балаларды сауықтыру орталығында азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының (Астана қ.) қолдауымен облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік - экономикалық бағытындағы пән оқытушыларына арналған «Оқу үрдісінде және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалау ісін ұйымдастыру» оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты - білім алушыларды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу, жас ұрпақтың азаматтық позициясын қалыптастыру бойынша жобалық қызметке тарту.

Екі күн ішінде оқытушылар Ақмола облысы инклюзивтік білімді дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдардың кандидаты М.Ибраевтың және азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының (Астана қ.) директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Арғыновтың модераторлығымен әлеуметтік тақырыпта жобаны әзірлеу және таныстыру бойынша жұмыс істеді. Бұл ретте мәселені көрсетіп қана қоймай, баламалы әдістерді қолдана отыра туындаған мәселелерді шешу және одан әрі әрекет ету жолдарын көрсету керек болатын.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай семинарлар ойлануға және қоғамдағы өз рөлі мен мүмкіндіктерін түсінуге, белсенді азаматтық позицияның маңыздылығын көруге мәжбүрлейді.

Семинар бағдарламасында мәдени іс-шаралар қарастырылған. Оқытушылар семинардан жағымды әсер алды және сәуір айында әлеуметтік-маңызды тақырыптарға арналған жобаларды қорғау бойынша жастарды тыңдау жоспарланғандықтан нәтижелі жұмыс үшін қажетті күш жинады.

Автор: М. Дударева
Просмотров: 83
Дата создания: 26 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 30 Декабря 2016 г.