Ақмола облысының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің облыстық әдістемелік кеңесі

2018 жылғы 7 ақпан күні Көкшетау қаласында Ақмола облысының білім беру ұйымдары әдістемелік қызметкерлерінің «Оқу – тәрбие процесінің тиімділігін және мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған білім беру процесін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңесі өтті.

Әдістемелік кеңестің бағдарламасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметтердің жаңаша басқару жағдайлары, сонымен қатар, облыс бойынша жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектепті басқарудың және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жөнінде өзекті сұрақтар қарастырылды.

Әдістемелік кеңес қатысушылары еліміздің болашағы мен жаңа тарихын баяндайтын, тарихи жанрда жазылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік ғасыры» кітабы талқыланды.

Автордың басты назары егемен мемлекеттің негізі қаланған сәттен бастап, Тәуелсіздігіміздің 26 жылғы сыртқы және ішкі саясаттың көрсеткіштерін көрсететін шешімдерге бағытталған.

Облыстық әдістемелік кеңесі аясында Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған секциялық отырыс өтті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында нормативтік-құқықтық актілер, озық педагогикалық тәжірибені тарату әдістемесі, өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби қызметтерін әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі сұрақтар қарастырылды.

Облыстық әдістемелік кеңесінің қорытындысы бойынша қатысушылар Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында жаңартылған білім беру мазмұнында облыс педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыретттілігін жоғарлату, үштілділікті дамыту, «Кәсіпқор»Холдингімен әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу, WorldSkills қозғалысы арқылы мамандықтарды насихаттау бойынша ұсыныстар берілді.

Автор: administrator
Просмотров: 130
Дата создания: 7 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 7 Февраля 2018 г.