Родина ауылында бастауыш мектептің жаңа бөлімі ашылды

Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылында ең кішкентай оқушылар орналасатын бастауыш сыныптың жаңа блогының ашылу салтанаты өтті.

Құрылыс және жаңа жабдықтармен жабдықтау «Туған жер» бағдарламасы аясында «Родина» АФ ЖШС қаржысы есебінен жүзеге асырылды.

Оқу блогы үш кабинеттен тұрады, кең холл, бастауыш сынып оқушыларына арналған санитарлық торап. Әр кабинетте жаңа заманауи интерактивті құрылғылар, парта, орындықтар, кіріктірілген шкафтар орнатылған. Оқушылардың жеңілденуі мен эмоционалдық дем алуына арналған ашық түсті кілемдер, жұмсақ модульдер орналастырылған релаксациялық аймақтар жасалынған. Қазір бастауыш мектеп блогы айтарлықтай түрленді: сынып бөлмелері мен фойенің заманауи талаптарға сай ашық түсті және эстетикалық безендірілуі позитивті көңіл-күй туындатады.

Материалдық-техникалық база жаңартылды, білім алу үшін барынша жайлы жағдай жасалынған. Жаңа кабинеттерде мектепке дейінгі сынып пен екі бірінші сынып оқушылары оқитын болады.

«Бастауыш буын үшін оқу кабинеттерінің құрылысы биылғы жазда басталған болатын. Орасан зор жұмыс атқарылды. Таңертең бірінші сынып оқушылары мектепке келіп, оқитын сыныптарын көргенде көздері мен қуанышты күлкілерін көрсеңіздер! Балаларға кішкене болсын сыйқыр сыйлау үшін көп күш пен қаржы жұмсалды» - деп бөлісті Родина ауылдық округінің әкімі Белла Газдиевна.

Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеев - жаңа блоктың ашылуы ауыл тұрғындары, оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен мереке екенін атап өтті. Ол «Родина» АФ ЖШС бас директоры Иван Сауэрды Целиноград ауданының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

«Бүгін біз көптен бері балалар ғана емес, барлық ауыл тұрғындарына арман болып келген тамаша сыйлыққа қол жеткіздік. Мектеп – балаларымыздың екінші үйіне айналады деген сенімдеміз» деп атап өтті Целиноград ауданы №33 мектебінің директоры Майя Снегирева.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 67
Дата создания: 10 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 10 Ноября 2017 г.