«EXPO-2017»-ге арналған «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауының өткізілуі туралы ақпарат

2017 жылдың 13-15 сәуір аралығында Ақмола облысының Аршалы ауылының «Аршалы жас техниктер станциясының» базасында «EXPO-2017»-ге арналған «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың ашық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

Оқушыларды ғылым мен техниканың түрлі саласы бойынша зерттеу, өнертабыс жұмыстарына тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық біліктілігіндегі бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу.

Міндеттері:

1) оқушылардың шығармашылық, танымдық, интеллектуалды бастамаларын жандандыру;

2) оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына деген қызығушылығын дамыту;

3) ғылыми және техникалық шығармашылық саладағы дарынды балаларды анықтау;

4) инновациялық өнертабыстар және ғылыми-зерттеу жұмысы саласындағы жаңа құзіреттерді, командада шығармашылық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

5) іс-шараларға тарта отыра балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Байқауға Ақмола облысының 6 ауданынан (Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Шортанды) және 2 қаласынан (Көкшетау, Астана) жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Сондай-ақ Қарағанды облысының Сарань қаласынан (Сарань қаласының «Жас техниктер станциясы») және Астана қаласындағы Оқушылар сарайынан қонақтар шақырылды. Қатысушылардың жас мөлшері 11-17 (18 жасқа дейін) жас.

Байқауға 10 номинация бойынша 83 оқушы қатысты:

1) Қолданыстағы автокөлік модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру.

2) Өндірістік саладағы техникалық құрастыру.

3) Ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы саласындағы техникалық құрастыру.

4) Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру.

5) Су көлігі саласындағы техникалық құрастырулар.

6) Құрылыс саласындағы жобалар.

7) Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика әзірлеу саласындағы жобалар.

8) Авиация саласындағы жобалар: авиациялық техниканы әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер

9) Ғарыштық және аэроғарыштық техника саласындағы жобалар

10) Техникалық құрастыру, робототехника саласындағы бағдарламалау және жобалар.

Әділ қазылар алқасының құрамында:

1. Атанов Сабыржан Көбейсінұлы – техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті есептеуіш техника кафедрасының профессоры.

2. Ерманов Асқар Жұманжарұлы – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті философия кафедрасының доценті.

3. Алдабергенов Фазылхан Алдабергенұлы –Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жанындағы қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығындағы ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің басшысы.

4. Абдрашитов Қанат Абдрахманұлы – Астана қаласы техникалық шығармашылық мектебінің директоры.

5. Назаренко Виктор Иванович – Қарағанды облысы Сарань қаласы «Жас техниктер станциясындағы» авиамодельді спорт үйірмесінің жетекшісі.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жеңімпаз атанды:

1) Қолданыстағы автокөлік модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру.

1. Демидов Иван (ЖТС, Аршалы)

2. Брыкалин Павел (ЖТС, Аршалы)

3. Сандыбай Мұхаммеджан (Оқушылар сарайы, Астана).

2) Өндірістік саладағы техникалық құрастыру:

1. Топтық жұмыс («Арман» МТОТЖЖО, Бурабай ауданы)

2. Гатенюк Дмитрий («Әулет» МТЖЖО, Көкшетау)

3. Колобихин Виталий, Шмит Вадим (Михайловка ауылы, Аршалы ауданы).

3) Ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы саласындағы техникалық құрастыру:

1. Анас Наби (ТШМ, Астана қаласы)

2. Айтбаев Бағлан (ТШМ, Астана қаласы)

3. Ербол Нұрдәулет (Шортанды ауданы)

4) Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру:

1. Ларионов Валерий («Арман» МТОТЖЖО, Бурабай ауданы)

2. Жакитов Джангир (ТШМ, Астана қаласы)

3. Ермоленко Михаил (Вячеславка ауылы, Аршалы ауданы).

5) Су көлігі саласындағы техникалық құрастырулар:

1. Зилгаринов Данияр (Оқушылар сарайы, Астана)

2. Рейзе Юрий (Анар ауылы, Аршалы ауылы)

3. Айнабек Дінмұхамед (ТШМ, Астана)

6) Құрылыс саласындағы жобалар:

1. Тұрысханұлы Нұрсұлтан (Шортанды ауданы)

2. Канзелхан Досжан (Ақкөл ауданы)

3. Шевченко Камила (№ 2 орта мектебі, Аршалы ауылы)

7) Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика әзірлеу саласындағы жобалар:

1. Сүлейменова Нұргүл (Шортанды ауданы)

2. Құмарбеков Ералы (Оқушылар сарайы, Астана қаласы)

3. Костырев Сергей (Вячеславка ауылы, Аршалы ауылы)

8) Авиация саласындағы жобалар: авиациялық техниканы әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер:

1. Литт Алексей (ЖТС, Сарань қаласы, Қарағанды облысы.)

2. Черепанов Никита (ЖТС, Аршалы ауылы)

3. Илиупов Асылбек (Анар ауылы, Аршалы ауданы)

9) Техникалық құрастыру, робототехника саласындағы бағдарламалау және жобалар:

1. Тумасян Артур («Әулет» МТЖЖО, Көкшетау)

2. Ермоленко Михаил (Вячеславка ауылы, Аршалы ауылы)

3. Думанбек Ерғанат (№ 1 ОМ, Көкшетау)

10) Ғылыми жобалар:

1. Васик Чеслав («Арман» МТОТЖЖО, Бурабай ауданы)

2. Төлеуова Дайяна, Майер Алина (ЖТС, Аршалы ауылы)

3. Баймағанбетов Тимур (Новоалександровка ауылы, Аршалынский ауданы)

«EXPO-2017»-ге арналған «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар ашық байқауының жеңімпаздары Ақмола облысы құрама командасы ретінде 2017 жылдың маусым айында Қостанай қаласында өтетін техникалық шығармашылықтың Республикалық байқауына қатысады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 197
Дата создания: 20 Апреля 2017 г.
Дата редактирования: 21 Апреля 2017 г.