Алматы қаласында V Республикалық Олимпиада отті

Балалар мен жасөспірімдер арасында құндылық бағаларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуеттік дамыту, өз мүмкіндіктерін шығармашылық іс-әрекетте көрсетуге ынталандыру, тұлғалық қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарын көрсету, өзін-өзі кемелдендіруге және өзін-өзі тануға талпындыру арқылы рухани-адамгершілік білім беру мақсатында «Бобек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мен Қазақстан азаматымын!» деген тақырыпта VРеспубликалық Олимпиада өткізіп отыр.

Олимпиада мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, олардырухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, олардың шығармашылық әллеуетін жандандыру, шығармашылық бастамашылығын дамыту, балалардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін, қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін арттыру.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының» жоспарына сәйкес, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша іріктеу кезеңі өткізіліп, республикалық кезеңінің қатысушылары анықталды.

Олимпиадаға Ақмола облысынан №14орта мектебінің үш оқушысы қатысты, олар: Раш Томирис, Хайрушева Тамила, Чекушева Айжан және жетекшісі ретінде сол мектептің «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Досанова Ляззат Омаровна қатысты. Олимпиада жаңа формат түрінде өтті, әр команда берілген тақырып бойынша 2 сағат ішінде проект құрып оны қорғады. Олимпиадаға елімізден 19 команда қатысты, оның ішінде біздің балалар өте жақсы деп танылып, командалық ІІ орынға ие болды.

Олимпиада қатысушыларына шығармашылық табыс және үлкен жеңістер тілейміз.

Автор: С.Абдульманова
Просмотров: 62
Дата создания: 14 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 14 Ноября 2017 г.