Список статей
«Конкурс тапсырмаларын бағалау мәселелері туралы» оқыту семинары

WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионатын өткізу барысында сарапшылар тобын қалыптастыру, кеңейту және сапалы дайындау мақсатында

2018 жылғы 12 қаңтар күні Көкшетау қ. №1 Сервистік-техникалық колледжінде «Конкурс тапсырмаларын бағалау мәселелері туралы» оқыту семинары өтті.

Семинарға «Холдингі» Кәсіпқор» КЕАҚ өкілі Байгулунова Данагуль, кәсіби шеберлікті және WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту басқармасының бастығы, WorldSkills Kazakhstan техникалық делегаты, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының сарапшылары қатысты.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Сәуле Сералина мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының материалдары бойынша сөз сөйледі және ТжКББ жүйесіндегі негізгі міндеттерге тоқталып өтті.

Семинар бағдарламасына WorldSkills міндетті қол жетімді бағдарламасы туралы ақпарат, WorldSkills өткізу тәртібі туралы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саясаты және ережесі, WSK аймақтық чемпионатын өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс туралы мәселелер енгізілді. Нәтижесінде семинар қатысушыларымен WSK аймақтық чемпионатына дайындалу және өткізу жөніндегі өзекті мәселелерді талқыланды.

Семинар аясында колледждің оқу шеберханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Семинарға Ақмола облысының колледждерінен барлығы 50 педагог қатысты.

Автор: А.Нурмаганбетова
Просмотров: 130
Дата создания: 12 Января 2018 г.
Дата редактирования: 12 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос