9-11 сынып оқушылары мен Ақмола облысының «Адал ұрпақ» мектеп клубтары арасында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында сырттай облыстық бейнебаян байқауының өткізілуі туралы ақпарат

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында облыстық бейнебаян байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты балалардың азаматтық позициясын тәрбиелеу, әлеуетін дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шығармашылық қызметін қолдау.

Байқауға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын (бейнебаян) ұсынды.

Бағалау келесі критерийлер бойынша жасалды: ашылатын тақырыптың тереңдігі, ұсынылған жұмыстың ақпараттылығы, авторлық позиция.

Қазылар мүшелерінің шешімдері бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

I орын– Ақкөл ауданы, №1 Ақкөл орта мектебі.

II орын – Есіл ауданы, Свободное орта мектебі;

Еңбекшілдер ауданы, Казгородок орта мектебі.

III орын – Атбасар ауданы, №2 Атбасар орта мектебі;

Көкшетау қ., №2 орта мектеп-лицейі;

Бұланды ауданы, Макинск қ. мектеп-гимназиясы.

Жүлделі орындардың иегерлері грамоталармен, ал барлық қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Автор: С.Тулемисова
Просмотров: 343
Дата создания: 20 Апреля 2017 г.
Дата редактирования: 21 Апреля 2017 г.