Ақмола облысының студенттері инновациялық жобалар әзірледі

Бүгін, Көкшетау қаласында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының студенттерінің арасында өңірлік «Profi-kz» студенттер жобалары байқауының қорытындысы өтті – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау, жобалық-зерттеу қызметіне тарту, сондай-ақ, дарынды және талантты студенттерді анықтап, қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Байқауға қатысуға барлығы 19 колледжден 48 өтініш келіп түсті. Үш номинация бойынша: «Ақмола Start Up», «Үздік бизнес жоба», «Кәсіпті насихаттау бойынша үздік мақала», «Инновациялық білім беру қызметі, ішкі туризмді дамыту» студенттік стартаптарында 60-тан астам студент жоба жұмыстарының авторлары атанды.

Байқауға ұсынылған жұмыстардың саны бойынша көшбасшы Көкшетау қ. №1 Сервистік-техникалық колледжі, алты жоба ұсынғандығын айта кеткен жөн. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Щучинск қаласының Жоғары колледжі, Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы мәдениет колледжі төрт жобадан ұсынды.

Көкшетау қаласы Құрылыс-техникалық колледжінің студенті Анастасия Синичкина «Үздік бизнес жоба» номинациясының жеңімпазы өз инновациялық жобасы туралы айтты. «Менің инновациялық идеям алкогольдік тәуелділіктің алдын алу мақсатында емдік шөптер жиынтығынан тұратын профилактикалық сусын жасауды шештім. Сусын «Vito-фито» деп аталады. Оның құрамына емдік шөптер: толғақшөп, жебіршөп, итмұрын, жалбыз, қызылмия, лимон сөлі және бал кіреді. Зерттеудің қолданбалы жаңашылдығы - фито сусынды жасауға алкогольге жиіркенуді тудыратын емдік шөптердің жиынтығы қолданылуында.

Біздің сусынымыз алкогольдік тәуелділіктің алдын алуға негізделген. Оны жасаудағы басты құрамдарының қарапайымдылығы мен арзандығы оны қол жетімді етеді. Бұл біздің идеямыздың бірегейлігі. Біздің сусынымыз қазіргі жастар көп қолданылатын көптеген сусындардың баламасына айналуы мүмкін. Сонымен қатар, қалыптасып жатқан жас ағза үшін жағымды әсері мол. Мысалы, пневмонияны туғызатын стрептококты жұқтырудан сақтайды, сергітеді және иммундық жүйені арттырады, орталық нерв жүйесін тыныштандырады. Мен бұл сусын болашақта энергетикалық сусындардың баламасына айналады деп ойлаймын».

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 81
Дата создания: 17 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 17 Ноября 2017 г.