«Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері және түрлері: тәжірибесі мен болашағы» атты облыстық семинар туралы ақпарат

Үштілді білім беру бойынша Жол картасын іске асыру аясында 2017 жылғы 19 мамыр күні Көкшетау қаласы, № 1 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» ұйымдастыруымен үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерге арналған «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері және түрлері: тәжірибесі мен болашағы» атты облыстық семинары өткізілді.

Аталған іс-шараға облыс бойынша 27 мектептен 52 мұғалім қатысты. Мұғалімдер семинарға үлкен қызығушылық білдіріп, мастер-класс барысында белсенділік танытты.

Семинар барысында №1 ДБАОММИ «Қазақ-түрік лицейі» мұғалімдері мен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқытушылары тәжірибелерімен алмасып, қызықты мастер класс өткізді, мазмұнды баяндамалар оқыды. Семинар тиісті деңгейде өтті, ұсынымдары оқылды.

Автор: С. Бегалина
Просмотров: 146
Дата создания: 19 Мая 2017 г.
Дата редактирования: 19 Мая 2017 г.