1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы

2018 жылдың 29 мен 31 қаңтар күндері аралығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.

Конкурстың мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру болып табылады.

Оқушыларының зерттеу жұмыстары төмендегі 8 секциялар бойынша өткізілді:

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция - химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология.

Зерттеу жобаларын қорғау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінді 1-4 және 5-7 сыныптар арасында.

Ақмола облысы бойынша 16 жоба –19 оқушы қатысып, оқушылардың жұмыстары тыңдалып, бағаланды. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

І дәрежелі дипломмен 7 оқушы:

1. Жұмабек Диар - Көкшетау қаласы, №21 орта мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы;

2. Пархоменко Даниил - Бурабай ауданы, № 3 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

3. Есжан Мансұр, Бекмағанбет Аяулым - Зеренді ауданы, №1 орта мектебінің 6 сынып оқушылары;

4. Калиев Тамерлан - Бұланды ауданы, Вознесенск орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

5. Сулейменова Айина - Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы;

6. Васильченко Андрей - Көкшетау қаласы, №5 "Тандау" көпсалалы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы:

1. Утильбекова Акбаян - Көкшетау қаласы, №16 орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

2. Рахимов Шернияз - Щучинск қаласы №9 мектеп – гимназиясының 4 сынып оқушысы;

3. Қаппасова Асылтас - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;

4. Кокушев Науан - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы;

5. Баймакова Арайлым, Нурланова Инабат - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары;

6. Байгабулова Айдана - Бурабай ауданы, Ұрымқай орта мектебінің 7 сынып оқушысы марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен 5 оқушы:

1. Баранникова Юлия - Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы;

2. Збасова Карина , Веремей Амир - Бурабай ауданы, Наурызбай батыр атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары;

3. Даулбаев Асанали - дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы;

4. Гринюкова Ксения - Атбасар ауданы, Мариновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы марапатталды.

Автор: А.Адильбекова
Просмотров: 179
Дата создания: 2 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 2 Февраля 2018 г.