Ақмола облысы бойынша 11 техникалықжәнекәсіптікбілім беру педагогы шетелдерде ғылымдамадан өтті

Қазіргі Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған жаңа білім жүйесі қалыптасып келеді.

Бұл үдеріс педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие процесінің тәжірибесіндеелеулі өзгерістер арқылы жүзеге асырылуда.Заманауи жағдайда педагог оқу үдерісініңжаңашыл инновациялық тәсілдерін қолдана білуі қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында заманауи білім беру бағытында нақтыміндеттерді атап өтті. "...Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім беру бағдарламаларыныңнегізгі басымдығыөзгерістерге үнемі бейім болу жәнежаңа білімдімеңгеру қабілетін дамыту.

2017 жылғы желтоқсан айында Ақмола облысы бойынша колледждердің 11 педагогышет елдерде тағылымдамадан өтті: 5 педагог –Ұлыбританияда, 3 - Малайзияда, 2 - Финляндияда, 1 - Чехияда.Педагогтарымызөзге елде тұру тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауды үйренді.Бағдарлама арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінежалпыеуропалық критерийлерге сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейінжетілдіруге бағытталған.

Оқыту аясында тыңдаушыларға кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын зерттеу мақсатындатаныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Біздің педагогтар - жаңа білім беру моделін қалыптастырудабелсенді қатысушылары болып табылады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 112
Дата создания: 17 Января 2018 г.
Дата редактирования: 17 Января 2018 г.