Республикалық фестивальде Көкшетау қаласының кішкентай бүлдіршіні бірінші орын иегері атанды

«Ұлы дала ұрпақтары» облыстық (сырттай) балалар шығармашылығының республикалық фестивалінде «Жезтаңдай әнші» номинациясы бойынша, Көкшетау қаласының «Жұлдыз» бала бақшасынан Оспанова Томирис бірінші орын алды

«Ұлы дала ұрпақтары» облыстық (сырттай) балалар шығармашылығының фестивалі өтті, оған республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің 3- 6 жас аралығындағы балалары қатысты, осылайша бес жасар Томиристің «Отаным» әнін орындап, жюридің жүректерін жаулап алғандығы белгілі болды.

Конкурстың ұйымдастырушысы болып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Мектепге дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы қатысты.

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын қолдау және насихаттау конкурстың негізгі мақсаты болды.

Фестивалге қатысушылардың шығармашылық жұмысы бес номинация бойынша бағаланды:

«Жезтаңдай әнші» (балалардың патриоттық әндері);

«Көркем сөз шебері» (өлең,мақалдар, мәтелдер);

«Мың бұралған биші» (балалар биі);

«Қөлөнер шебері» (балалардың бейнелеу және қолданбалы шығармашылығы);

«Үздік қойылым» (театрландырылған қойылым).

Фестиваль үш кезеңнен тұрды – аудандық (қалалық), облыстық, республикалық. Барлығы Ақмола облысынан 50 бала қатысты, облыстық деңгейдегі конкурс жеңімпаздары республикалық фестивальда өнерлерін көрсетті.

Айта кетсек, оның алдында аталмыш «Жұлдыз» бала бақшасының тәрбиешісі, Айгуль Кабдуллинова, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы республикалық конкурсында бірінші орынға ие болып, «Үздік бала бақша тәрбиешісі» және «Үздік маман» медалін алды.

Автор: С. Тулемисова
Просмотров: 203
Дата создания: 30 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 30 Декабря 2016 г.