Ақмола облысының орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Ақмола облыстық "Өндірістік оқытудың үздік шебері - 2017" сайысы өтті

2017 жылдың 16-17 қарашасында, Щучье қаласында, экология және орман шаруашылығы колледжінде "Үздік өндірістік оқыту шебері-2017" Ақмола облысының ТжКББ ұйымдарының арасында кәсіптік шеберліктері бойынша облыстық сайысы өтті.

Сайысқа 19 өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Сайысты өткізу мақсаты - өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық потенциалын ашу және ынталандыру.

Бірінші күні сайысқа қатысушылар екі кезеңнен өтті:

- бірінші кезең - өзін-өзі таныстыру «Мен – өндірістік оқыту шеберімін!»

- екінші кезең- көрме «Шығармашылық зертхана».

Сайыс комиссиясы мүшелерінің шешімімен екі сатының қортындысы бойынша 16 балдан жоғары алған 8 сайыскер "Шебер-сынып презентациясы "Тәжірибелік оқыту" атты үшінші кезеңіне өтті.

Сайыс қортындысының негізінде жүлдегерлер анықталды:

Көкшетау қаласының № 1 Құрылыс-техникалық колледжінің шебері Кусаинова Балдырған Майлыбайқызы Білім беру Басқармасының 3 дәрежелі дипломымен және 50 000 тенге қаржылай сыйлығымен марапатталды.

Щучье қаласы, Бурабай ауданының Туризм және сервис индустриялық колледжінің шебері Кириленко Анна Михайловна Білім беру Басқармасының 2 дәрежелі дипломымен және 75 000 тенге қаржылай сыйлығымен марапатталды.

Бурабай ауданы, Щучье қаласының экология және орман шаруашылық колледжінің шебері Быченко Виктор Александрович облыстық сайыстың жүлдегері болып табылып, Білім беру Басқармасының 1 дәрежелі дипломымен және 100 000 тенге қаржылай сыйлығымен марапатталды.

Облыстық оқу-әдісмтемелік кабинетінің дипломдарымен сайыстың Лауреаттары марапатталды:

Көкшетау қаласы, № 1 Сервистік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Блинов Дмитрий Анатольевич;

Көкшетау қаласы, Жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері Шульдайс Павел Александрович;

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №3 Агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Касымов Ержан Маратович;

Степногорск қаласы, № 2 Индустриалдық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Тополя Виктория Владимировна;

Атбасар қаласы, № 11 Агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Тарынина Надежда Сергеевна.

Финалға өтпеген қатысушылар сайысқа қатысқандары үшін Ақмола облысының Білім беру Басқармасының мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Автор: М. Дударева, А. Нурмаганбетова
Просмотров: 84
Дата создания: 20 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 20 Ноября 2017 г.