«2016-2017 жж. өзектендірілген білім беру бағдарламаларын енгізу» семинар-практикум

Уақыт, технологияландыру, урбанизация, өнеркәсіпталабы білікті кадрларды дайындауда жаңа тәсілдерді талапетеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өндірістің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін мамандарды дайындауда. Білім берудің модульдік-құзыреттілік тәсіліненегізделген білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен, әлеуметтік әріптестер мен бірлесе отырып колледждердің педагогтерімен әзірленген және сапалы білім беруге бағытталған. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер 2016,2017 жылдарға«Кәсіпқор "Холдингі "КЕА өзектендірілгенбілім беру бағдарламаларын енгізуді бастады.

Көкшетау қ.,азаматтық қорғау көпсалалы колледждің базасында2017 жылғы13 қазан күніколледжбасшыларыныңоқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-практикум өтті.

Нормативтік құжаттар бойыншакейбір мәселелердітүсіндіре отырып, Ақмола облысы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманыМ. Х.Тоқсанбаев және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің басшысы С.С.Сералина сөз сөйледі.

Семинар практикалық мәнде болды. Тыңдаушылар алдында тақырыптық- перспективалық және сабақ жоспарларынқұру бойынша «Холдингі»Кәсіпқор»КЕАҚ-ның штаттан тыс жаттықтырушыларысөз сөйледі және шеберлік сағаттарын өткізді:А. К.Сембаева, М. С.Омаров, Н.А.Кузьмина, И. В. Шаймуратова.

Семинарға қатысушылар нормативтік құжаттарды талқылады, жаңа оқу жылы бойынша тәжірибелерімен бөлісті,білім беру бағдарламаларын енгізужәне нормативтік құжаттарды рәсімдеу бойыншабірыңғай ұсынымдар қабылдады.

Автор: С. Сералина
Просмотров: 140
Дата создания: 13 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.