Ақмола облысында өзге ұлт өкілдері балалары арасында қазақ тілінен конкурс басталды

Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2017 жылғы 17 сәуірде өзге ұлт өкілдері мектепке дейінгі, мектеп алды жасындағы және бірінші, 2-4 сынып оқушыларының арасында қазақ тілінен өткізілетін облыстық шығармашылық байқаулары өткізілді.

Байқаудың мақсаты: "Мәңгілік ел" идеясын іске асыру шеңберінде балалар мен оқушылардың еліміздің рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау. Осы байқау келесі міндеттерді орындыйды:

- балалардың және оқушылардың дағдысын шығармашылық қабілетін және көркемдік талғамын дамыту;

- тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша білім беру мекемелерінің жұмысын жандандыру;

- өскелең ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлттық қолданбалы өнеріне, музыкалық өнеріне маңызды рухани құндылықтар ретінде оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасау;

- білім алушылардың өзін-өзі көрсете алуы, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруы үшін жағдай жасау.

Байқауда өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, ересек дайындық тобының, мектеп алды жасындағы және бірінші, 2-4 сынып оқушылары қатысты. Ата-анасының екеуі де өзге ұлт өкілінен шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиісті.

Шығармашылық конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Музыкалы қонақжай»

2. «Театрландырылған қойылым»

3. «Әдеби оқу»

4. «Ұлттық қолданбалы өнер»

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен және қатысу сертификаттармен марапатталады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 189
Дата создания: 18 Апреля 2017 г.
Дата редактирования: 18 Апреля 2017 г.