Көкшетау қаласында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша конференция өтті

Бүгін, Көкшетау қаласында "Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі кезде маңыздылығы" тақырыбында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша конференция өтті.

Конференцияның мақсаты жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау бағытын дамытудың бірыңғай векторын қалыптастыру, конференцияға қатысушыларды осы саладағы жаңа тәсілдермен және жобалармен таныстыру, 2017-2018 оқу жылына бірлескен жұмысты жоспарлау деді Валерий Гамазов Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасар.

Конференция барысында сөз сөйлегендер: Сауле Сералина, білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері кәсіби бағдарлау мектебі қызметінің қорытындысы жөнінде айтып өтті. Қазіргі заманғы кәсіби өзін-өзі анықтауға деген бизнесменнің көзқарасымен Асылбек Кенжебаев, мерекелік индустрия Орталығының басшысы сөз сөйледі. Бірлескен жұмысы туралы Айжан Тажмиева, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің меңгерушісі; Гаухар Күтербекова, Көкшетау қаласы № 17 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өз тәжірибелерімен бөлісті; WSK техникалық сарапшы, Көкшетау қаласы №1 Құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, WorldSkillsInternational халықаралық қозғалысы- оқушылардың кәсіби бағдарлау құралының бірі екенін айтып өтті. Тыңдаушылар арасында бастауыш бизнесмендердің баяндамасы қызығушылық туғызды, Самат Биғазы «Инсаай» ЖШС директоры, Айгерім Сағындықова «Инсаай» ЖШС директорының орынбасары "Менің мамандығым" кәсіптік бағдарлау мобильді ұсынысы туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы Қазиза Дюсеханова және Есбол Токеев қазіргі кездегі кәсіби бағдарлау жұмысының рөлі, маңыздылығы туралы айтып өтті.

Іс-шара конференцияға қатысушылардың ұсыныстарын қабылдаумен аяқталды. Сөз сөйлегендер: білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру, жастар саясаты, кәсіпкерлер Палатасының, кәсіпкерлер қауымдастығының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің өкілдері, кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша колледж, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің үйлестірушілері; WSK сарапшылары.

Автор: С.Сералина
Просмотров: 226
Дата создания: 19 Июня 2017 г.
Дата редактирования: 19 Июня 2017 г.