Ақмола облысының мектептерінде 500-ге жуық «Адал ұрпақ» клубтары құрылды.

Білім мекемелерінде 5-11 сынып оқушыларының арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды. Клуб мүшелері директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, «Құқық негіздері» пәнінің оқытушылары, мектеп оқушылары. Мектеп орталарында Модельдік жоспарды орында мақсатында барлығы 495 клуб құрылды. Басшылары тағайындалып, клубтардың жұмыс жоспарлары бекітілді.

Мектептердің сынып жетекшілері 1-4 сынып оқушыларымен бірлесе жыл бойына ар, абырой, адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік, қайырымдылық, адалдық, әділдікті насихаттайтын театрлық қойылымдар ұйымдастыратынын айта кеткен жөн.

Бұл қойылымдарды ұйымдастырудағы мақсат – мейірімді мен жауапты болудың қаншалықты маңызды екенін көрсету, адалдық, сатылмайтындық және әділдік әр адамның жүрегінен шығатынын балалардың санасында қалыптастырып, бекіту керек. «Адал Ұрпақ» клубтары 5-8 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауларын өткізеді. Байқаудың басты мақсаты – маңызды институт ретінде әр азаматтың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру және қызығушылықтарға адал қызмет ету, еліміздің даму басымдылығы мен мақсатын жүзеге асыруға тартылған өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызмет түсінігін дәріптеу.

Одан басқа, Ақмола облысының білім басқармасының сайтында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бөлімі жұмыс істейді, ол арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша атқарылған жұмыстармен, басқарманың бекітілген жоспарлары мен ақпаратпен, қолданыстағы заңнамамен танысуға болады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 180
Дата создания: 11 Сентября 2017 г.
Дата редактирования: 11 Сентября 2017 г.