Список статей
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының дарынды балалармен кездесуін өткізу туралы ақпарат (2015-2016 оқу жылы)

Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2016 жылғы 16 масым күні Отанымыздың ең көркем жері, Қазақстанның інжуі, Бурабайда «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Қазақстан балалары – нұрлы жолмен!» тақырыбында білім басқармасының басшысы Б.С.Ізбасарованың дарынды балалармен кездесуі өтті.

Дәстүрлі кездесуде жалпы білім беретін мектептердің және облыс лицейлерінің 3-11 сынып аралығында 65 оқушы қатысты. Олардың барлығы- республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Олардың арасында біздің республикамызды беделді халықаралық конкурстарда және олимпиадаларда таныстырған оқушылар бар.

Білім басқармасының басшысы: «XXI ғасырда қазақстандық қоғамды дамытудың қажетті жағдайы заманауи ғаламдық жағдайларға қарсы тұра алатын балаларды және жастарды сапалы дайындау болып табылады. Қазақстанда туған дарынды оқушы білімін өз Отанының игілігіне пайдалануға тиісті. Сондықтан, бүгін, құрметті балалар, 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша біз тағы да Отанымыздың ең көркем жері, Қазақстанның інжуі, Бурабайда дарынды балалар қазіргі кезде үлкен сұранысқа ие және үнемі ауысып отырған әлемде өмір сүруге және ойлап табуға қабілетті еркін, дамыған және білімді тұлға біздің қоғамда үлкен құндылық болып табылатынына көз жеткізуге жиналдық».

Ақмола облысында 6-17 жас аралығында 109690 астам бала өмір сүреді, олардың әрқайсысы жоғары білім алуға ұмтылуда. 2015-2016 оқу жылы жалпы білім беретін пәндері бойынша мектеп олимпиадаларында 483 мектептен 31666 оқушы қатысты, аудандық және қалалық олимпиадаларда 436 мектептен 5679 оқушы қатысты, облыстық деңгейдегі олимпиадаларда 113 мектептен 346 оқушы қатысты; жалпы білім беретін және жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық деңгейдегі олимпиадаға 73 оқушы қатысты, оның 28 жүлдегер, оның ішінде 7- алтын, 2- күміс, 19 – қола белгі; республикалық олимпиадаларда және конкурстарда: 12-алтын, 7-күміс, 30- қола белгі; халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға 64 оқушы қатысты, оның 27 жүлделі орынға ие болды: 4- алтын, 15- күміс, 8- қола белгі; Осы жылы халықаралық олимпиадалардың және конкурстардың жеңімпаздарының қатарынан 18 мектеп түлегі ҰБТ тапсырудан босатылды.

Білім басқармасының басшысы Б.Ізбасарова дарынды оқушыларға болашақта табыстар мен жеңістер тілеп, естелік сыйлықтар, ал ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.

Марапатталғандардың қатарында кездесудің ең жас қатысушысы I дәрежелі диплом иегері (алтын белгі) Бариев Рамазан бар - Щучинск қ., Бурабай ауданы «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы, «Зерде» республикалық конкурсында: «LEGO- креативті ойыншықтар» тақырыбында «Физика және техника» секциясы бойынша;

-Біздің жастар әлемдік стандарттарға сәйкес білім алуы үшін біздің ел жаңа реформалар енгізуде, олардың қатарында үштілді білім беру өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі кезде мен 4 тілді үйреніп жатырмын. Төрт тілді білу, ал нақты ағылшын тілін білу республикалық олимпиадаға дайындалу материалдарын зерттеу кезінде көп көмегі тиді және соның арқасында қола белгісін жеңіп алдым. Осы жеңістің арқасында Кореядағы болашағы бар және өршіл университеттердің бірі «Юнист» университетінде болуға мүмкіндік алдым. Мен түрлі семинарларға қатыстым және физика пәні бойынша өз білімімді дамыттым. Ақмола облысының білім басқармасына осындай іс-шараларды өткізетініне және біздің білімімізді дамытуға жағдай жасап жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар өз ұстаздарыма берген білімдері үшін және ата-анама мені қолдағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Өзімнің барлық жеңістерімді біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнағым келеді. Тәуелсіздіктің құндылығын түсіне білетін оқушы ретінде сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын және біздің Отанымыздың дамуына қолымнан келгеннің бәрін істеуге дайынмын»- кездесуде сөз сөйлеген Көкшетау қ., дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Қазақ- түрік лицейі» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Ескенов Алмас.

Салтанатты ашылудан кейін іс-шара таза ауада спорттық- көңіл көтеру бағдарламасымен, флеш –мобпен және би кешімен жалғасты.

Автор: М.Большина
Просмотров: 591
Дата создания: 27 Июня 2016 г.
Дата редактирования: 27 Июня 2016 г.
www.egov.kz
Опрос