Список статей
Ақмола облысының Степногорск қаласында жаңа «Балауса» бала бақшасы ашылды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Степногорск қ. жұмысы барысында әлеуметтік нысандарға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан кездейсоқ емес, оның жұмыс бағдарламасының бір тармағы бұрынғы балалар үйінің ғимаратында орналасқан «Балауса» бала бақшасының ашылуы болды. Степногорск қ. әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлайды.

Ескере кетсек, «Балауса» жаңа бала бақшасына мүмкіндіктері шектеулі балалар да бара алатын болады, бұл отыздан астам ерекше балдырғандар. Жалпы, аталмыш бала бақша 220 орынға - он топта 22 адамнан есептелген. Жолдамалар степногорск балаларының 115-не берілген. Бала бақшада бассейн бар, келесі жылы мектепке дейнгі білім мекемесін жете жарақаттандыру – жиһаздарды ауыстыру, ойыншықтарды сатып алу, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтандыру.

Өзінің сапары барысында облыс әкімі бала бақша ұжымымен араласты. Айта кету керек, барлығына жуық қызметкерлер (44 адам) – таратылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлері. Сергей Кулагин, сонымен бірге білім беру басқармасының басшысына және қала әкіміне бұрынғы балалар үйінің барлық қызметкерлерінің жұмысқа орналастырылуын жеке бақылауына алуын тапсырды. «Бұлардың бірде біреуі жұмыссыз қалмауы тиіс» - деп ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, өңір басшысы атқарылған жұмыстың арқасында Степногорскте 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызды құрайтынын түйіндеді.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 413
Дата создания: 8 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 8 Декабря 2016 г.
www.egov.kz
Опрос