Ерекше балаларға -ерекше назар

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар арасындағы «Мықты дау» интеллектуалды және жылжымалы ойындарын өткізлді

мақсаты мен міндеттері

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау;

- ментальді бұзушылықтар бар балалардың арасында спорттық-сауықтыру қозғалыстарын дамыту, жасөспірімдерді заманауи әлеуметтік жағдайларға бейімдеу;

- ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды дене тәрбиесінің жүйелі сабақтарына және спортқа тарту.

орны: Көкшетау қ. ақыл-ой бұзушылықтары бар және психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты.

командалардың саны: 3

қатысушылардың саны: 39

оның ішінде қыздар – 12, ер балалар – 27

қатысқандар: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығы оқу-әдістемелік орталығының директоры Яковенко Виктор Леонидович, «Көкшетау балалар МӘМ» КММ директоры Мустафинова Алтын Сексембайқызы, Есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты КММ директорының ОЖ жөніндегі орынбасары Нурушева Жулдыз Нигметулақызы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: жарыстардың қорытындылары бойынша барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 111
Дата создания: 13 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 13 Октября 2017 г.